Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешітінің әйел-қыздар бөлімінде Мәуліт кеші өткізілді.
Кеш қонағы Жамбыл облысы бойынша Әйел қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы алғы сөзді айтып, мәуліттің қасиеті жайлы уағыз айтты. Осы ерекше күні сахабалардың пайғамбарға деген сүйіспеншілігі жайлы айтылып және мәуліт жыры оқылып ерекше бір рухани кеш болды.
Осы кеште пайғамбарға мадақ жыры Мәуліт оқып келушілердің жүрегін тебірентті. Кеш соңында сыйлықтар таратылды. Келген қонақтар да кештен алған рухани әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

