ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің тапсырмасына сәйкес, Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Қанат Талғатұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаттарына өрт қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сол себепті, Меркі ауданының №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері ««112» қызметінің нөміріне тек көмек сұрау үшін хабарласыңыз!» тақырыбында халыққа нұсқаулық өткізді.
Шара барысында халыққа өрт туындаған жағдайда дереу 101, 112 нөмірлеріне қоңырау шалыуы түсіндірілді, жадынамалар берілді.
Сонымен қатар, оператор жедел қызмет оператордың желісі босамауы адамға көмек көрсетуді тоқтатуы мүмкін. Оған шын мәнінде мұқтаждарға және де оқыс оқиғаларға әкеліп соқтыруы мүмкін, жедел қызмет телефон нөмірін қолдану тиісті емес немесе бұзақылық мақсатта шұғыл қызмет телефон нөмірін қолдану қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту жолымен жазаланады.
Айта кетейік, азаматтар арасында шұғыл көмек шараларын талап ететін төтенше жағдайлар туындау қаупі және туындауы туралы хабарламаларды қабылдайтын «112» бірыңғай кезекшілік –диспетчерлік қызмет ең танымал болып табылады.
Алдағы уақыттарда аудандағы мешіттерде төтенше жағдайлар қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру және оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылып тұратынын хабарлады.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

