Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты ауыл мешіттері оқушылардың оқу жылы басталуына байланысты «Мектепке жол» акциясын қолға алды.
Ауданның бірнеше мешіттерінің ұйымдастыруымен 54 мұқтаж отбасындағы балаларға мектеп сумкасы мен мектеп формалары алып берілді.
Бұл қайырымдылыққа демеуші болған, ізгі іске мұрындық болған барша қайырымды жандарға Алла разы болсын дейміз.
Тузелбеков Қуаныш
Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі