#Т.Рысқұлов: Асарлатып үй салу жалғасуда

#Т.Рысқұлов: Асарлатып үй салу жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Мамай ауылында «Жан жылуы» қайырымдылық қорының бастамасымен мұқтаж отбасыға үй салынып жатыр.

Осы салынып жатқан үй құрылысына көршілес ауыл имамдары өз үлестерін қосып жәрдем беруде. Осы аптада Мамай ауылындағы «Наурызбай баба» мешітінің имамы Нұрболат Кеңесұлы өз қол ұшын созып, көмек беріп қайтты. Ауыл имамының бұл ісі ауыл тұрғындарына үлгі-өнеге болды. Имамнан алған бұл өнегені ауыл жастары қолдап, өз көмектерін аямауда. Бұл үйді алдағы күзде толықтай бітіріп, иелеріне тапсыру жоспарлануда.

Тузелбеков Қуаныш

Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: