Шу аудандық «Төле би» мешітіне қарасты Д.Қонаев ауылы Қонаев мешітінің имамы Құлыбек Ердаулеттің ұйымдастыруымен 3 қой сойылып еттері мұқтаж 20 отбасыға таратылды.
Сонымен қатар, Шоқпар ауылы, Шоқпар мешітінің молдасы Табаев Данияр болса, 6 отбасыға 1 қой етін үлестірді. Етке ие болған мұқтаж жандар дін мамандарына алғыстарын жаудырды. Орта есеппен мал бағалары 250 000 тг құрады.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

