Шу аудандық «Төле би» мешітіне қарасты Бірлік ауылы "Бірлік" мешітінің молдасы Медет Жұматаевтың бастамасымен ауылда 1 өгіз сойылып, еті мұқтаж 40 отбасыға таратылды.
Дін маманы ауылда тұратын кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен жасалған игі іс-шараға разылығын білдіріп, рақыметін жаудырды. Мешітке келген мұқтаж жандар пакетке салынған етті иеленіп, тарқасты. Шара соңында Құран оқылып, бата жасалды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

