Тараз қаласы имамдары демеушілер арқылы Рамазан айында 18 755 955 теңгені қайырымдылыққа жұмсады. Қайырымдылық ретінде 6013 кісіге ауызашар пакеті, 1072 отбасына азық-түлік, 91 отбасына қаржылай, 173 отбасына еттей, жетімдер үйіне ойыншықтар, мүгедектер үйіне дәрі-дәрмектер және тағы басқа жәрдемдер берілді. Жалпы қасиетті ай бойы 159 шара ұйымдастырылып 7490 отбасы қамтылды.
Қайырымдылық іс-шарасына Тараз қаласында орналасқан барлық мешіт жамағаттары мен «Жастар ісі секторы» және әйел-қыздар жамағаты толықтай атсалысты.
Қасиетті Құран кәрімде Алла Тағала: «Кім бір жақсылық істесе, оған сондай он есе (сауап) бар. Және біреу бір жамандық істесе, сондай-ақ қана жаза беріледі де олар зұлымдыққа ұшыратылмайды» деп бұйырады. Сауаптар еселенетін айда қайырымдылық жасаған жандардың Алла Тағала сауабын арттырсын! Екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!
"Кеңесхан қыжы" мешітінің баспасөз қызметі



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

