Т. Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылында жаңа мешіт бой көтеруде. Ауыл имамы Байқожаев Нұрдәулеттің бастамасымен, ауыл азаматтарының қолдауымен салынып жатқан мешіттің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
"Қазіргі уақытта мешіт құрылысының жартысы артта қалды. Мешіттің ішкі жұмыстары мен сылақ жұмыстары жасалуда. Құрылыс жұмыстары осы қарқынмен жүргізілетін болса биылғы жылдың аяғына дейін мешітті ашып қалуымыз әбден мүмкін. Ақыретке дейін сауабы үздіксіз барып тұратын қайырымды іске қол ұшын созып отырған барша жаны жомарт жандарға алғысымызды білдіреміз" - дейді мешіт имамы.
Қуаныш Түзелбеков
Т. Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің баспасөз қызметі