Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешіті әйелдер жамағаты Рамазан айында "30 күнде 30 Хатым-Құран " оқыды. Ораза айт күні аталмыш мешіт ұстазы Жібек Болатбекқызы қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, Құран оқудың артықшылығы жайында уағыз-насихат жүргізді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», – деп бұйырады.
Жиын соңы «Әжелер алқасы» мүшесінен болған апамыз Хатым дұғасын оқып, бабалар рухына бағыштады.