#Меркі ауданы: Ихсан ілімі насихатталды

#Меркі ауданы: Ихсан ілімі насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ихсан дегеніміз - Алла Тағалаға шынайы түрде, Алланы көріп тұрғандай немесе Алла сені көріп тұрғанын ұмытпай, құлшылық жасау.

Меркі ауданының бас имамы Нұрбек Жанықұлов аудан тұрғындарына Ихсан ілімінің маңыздылығын, адам баласы Алла Тағаладан шынайы қорқып, шынайы ықылас ниетімен Жаратушыға құлшылық жасап, тек бес уақыт намаз, рамазан айының оразасы сияқты жалпы құлшылықпен шектелмей, мұсылман адам Пайғамбарымыздың (с.а.с) көркем мінезінен үлгі алып, отбасында да, қоғамда да және жұмыс орнында да өзгелерге үлгі боларлықтай ахлаққа ие болу керектігін айтып, мұсылман жамағатын көркем мінезге шақырды.

Уағыз соңынан жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, дұға жасап, жақсылықта қоштасып, үй үйлеріне тарқсты.

«Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: