10 бөлім. Хадишаға үйленуі

10 бөлім. Хадишаға үйленуі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (ﷺ) Меккеге зор пайдамен оралғанда, Хадиша өзін тұрмысқа алу ұсынысымен оған өкіл жібереді. Сол кезде оның жасы қырыққа жақын болатын және ол ең айтулы әрі бай құрайыш-әйелдерінің бірі еді. Пайғамбарымыз (ﷺ) әкесінің ағаларымен бірге оның ағасы Амр ибн Асадқа барады әрі өзінің ағасы Әбу Тәліп арқылы оған құда түседі. Амр оны Мұхаммедке (ﷺ) тұрмысқа береді. Әбу Тәліп Мұхаммед (ﷺ) пен Хадиша анамыздың (р.а.) үйлену тойында келесі өсиетті айтады: «Ма'ад пен Мудар руларынан шыққан Ибраһим мен Исмаилдың тұқымдарынан еткен, Өз Үйінің (Қағбаның) қорғаушылары және Оның Харамының басқарушылары еткен, сондай-ақ, бізге қажылық жасайтын Үй мен қауіпсіз Харамды берген Аллаға Мадақ. Және де Ол бізді адамдардың үстінен қарайтын төреші етті.

 Расында, біздің немере ініміз Мұхаммед, Абдулла ұлына ол бай болмаса да, оның тектілігіне, атақтылығына және мәрттігіне ешкім тең келе алмайды. Өйткені байлық көлеңке сияқты тиянақсыз, ол бар болады әрі жоғалады. Ол бізге уақытша ғана беріледі, біз оны өзімізбен қабірге алып кетпейміз. Расында, Алла атымен ант етемін, Мұхаммедті керемет болашақ пен қиын тағдыр күтуде. Ол сіздің мәртебелі қызыңыз Хадишаға құдаласты, оған тиісті махрын[1]  берді, осымен неке қиылды». Осыған дейін Хадиша қайтыс болған Әбу Халеймен тұрмыста болған еді, одан ұлы Халя қалған болатын, ол Алла Елшісінің (ﷺ) өгей ұлы.


 [1]4  Оның махры жиырма жас түйе болатын (Ибн Хишам).

asyldin.kz

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: