8 бөлім. Намыс одағы

8 бөлім. Намыс одағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрайыштар «шектен шыққан соғыстан» оралған соң «намыс одағын» құрмақ болып келіседі. Келісім құрайыштардың басшыларының бірі Абдулла ибн Жудан ат-Теймнің үйінде жасалады. Бұл одақ Хашім әулеті, әл-Мүтәліп әулеті, Асад ибн Абдул-Узза әулеті, Зуһре ибн Кылап әулеті және Тайм ибн Мурра әулеті арасында жасалады. Олар Мекке аумағында зәбір көруші кез-келген меккелікке немесе шеттен келгендерге, олардан тартып алынғандарын қайтарып беруге көмектесуді өздеріне міндет етіп алды.

Одақты құруда Алла Елшісі (ﷺ) әкесінің бауырларымен бірге қатысады.  Кейін Алла Тағала оған елшілікті сыйлағанда, ол былай айтқан: «Өз ағаларыммен бірге Абдулла ибн Жуданның үйінде осындай одақтың құрылуына қатыстым, оны қызыл түйелерге[1]  айырбастамас едім. Егерде Исламда мені  осындай одаққа шақырса, мен міндетті түрде келісемін»[2].  Бұл таңғаларлық жайт емес, өйткені Пайғамбарымыз (ﷺ) мінездерді көркем ету үшін келген болатын, ал бұл одақ осыған жағдай жасаған. Аталмыш одақтың көптеген қағидалары кейінтінде Исламмен бекітілген болатын. Бұған оның (ﷺ) сөздері дәлел: «Мен адамгершілікті жетілдіру үшін келгенмін»[3]. Көпшілік бұл одаққа қосылған және көбіне осы одақ арқылы көмектескен.


 [10]  Яғни бұл дүниедегі ең бағалы да қымбат дүние.

[11]  Ибн Касир  «әл-Бидайя уа ан-нихайяда» (2 т, 291 б.), Ибн Хиббан (10 т, 216 б.)  және Хакім (2 т, 239 б.) келтірген.

[12]  Имам Мәлік  «әл-Мууатта» келтірген (2633).


 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: