6 бөлім. Шамға сапар

6 бөлім. Шамға сапар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұхаммед (ﷺ) он тоғыз жасқа толғанда оның ағасы Әбу Тәліб сауда жасап Шамға[1]  жол тартпақ болып шешеді. Пайғамбарымыз (ﷺ) ағасынан ұзақ уақытқа жалғыз қалудан қатты қапаланады да ағасы оның көңілін қимай, өзімен бірге ала кетеді. Бұл Пайғамбарымыздың (ﷺ) алғашқы сапары еді. Ол жерде олар ұзақ болмайды.

Бір жолы Пұсыра[2] өңірінде олардың керуеніндегі адамдарға монах Бахира келеді. Ол арабтардан келуі керек болған пайғамбар жөнінде сұрастырады. Монах ол туралы өзінің қасиетті кітаптарынан оқыған болатын. Арабтар әлгі монахқа пайғамбардың  әлі келмегенін айтады. Бұл жөнінде Кітап иелері —  яһудилер мен христиандар Пайғамбарымыз (ﷺ) келгенге дейін көп айтатын. Бұл жөнінде Құран-Кәрімде былай айтылған: «Олардың қасындағы Тәуратты, растаушы Құран келген шақта, олар бұрын (ақыр заман пайғамбары арқылы кәпірлерге) үстемдік тілеген бола тұра өздерінің Тәуратта таныған (Мұхаммед Ғ.С.) келген заманда, қарсы шықты. Қарсы болушыларға Алланың лағынеті болсын!» (2:89).

 


 5  Сирияның тарихи атауы.

6    Шам мен Иорданияның шекарасындағы ауыл. Қазір бұл Сирияның оңтүстігіндегі Босра Набатейск қаласы. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: