Сурет салудың діндегі үкімі қандай?

Сурет салудың діндегі үкімі қандай?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаны бар нәрселерді салуға болмайды, өйткені Пайғамбарымыз (ﷺ) жанды нәрсенің суретін салуға тыйым салған. Ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «Барлық суретшілер Тозақта болады» (Муслим, 2110). Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «Расында, бұл сурет салушылар Қиямет күні азапталады. Оларға жасаған нәрселеріңді тірілтіңдер деп айтылады» (Бұхари, 4886. Мүслим, 2107).

Алайда жаны бар нәрселердің толық бейнесін салмай, жарым-жартылай кейбір бөліктерін салатын болса, хадисте аталған суретшілер тобына кірмейді. Осыған байланысты ибн Қудама былай дейді: «Егер бастапқыдан бастап суреттің басын салып, денесін салмаса немесе денесін салып, басын салмаса суретке тыйым салып келген хадис құрамына кірмейді. Өйткені ол толық тірі жанның суреті емес». Ал одан басқа жансыз заттардың ағаш, табиғат т.б. суретін салуға шариғатымыз тыйым салмайды.  

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: