Менің пірім – Пайғамбарым (ﷺ) (жалғасы бар)

Менің пірім – Пайғамбарым (ﷺ) (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағаланың қалауымен, Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) Мекке халқын жылдар бойы Ислам дінін қабылдауға шақырды. Енді Пайғамбарымыздың (ﷺ) алдында Медине қаласында адал дінді тарату міндеті тұрған болатын. Мединенің бастапқы аты Ясырап болатын, Пайғамбарымыз (ﷺ) осында көшкен соң Медине аталып кеткен. Мединенің байырғы халқы пұтқа табынушылар қатарынан болғанымен де, Меккеліктер сияқты қатты берілген емес-ті. Жаратушының қалауы бойынша Медине де Ислам діні үшін жаратылған. Медине қаласына көшіп барған соң, мұсылман діні Ислам қарқынды дамып, нұрлана түсті, бірақ қас-дұшпандары азая қоймап еді. 

Сонысына қарамай, Пайғамбарымыз (ﷺ) бен оның сахабалары (р.а.) тынбай еңбек етіп, адал дінімізді уағыздап мұсылмандар санын арттыра түсті. Мұсылмандардың дінді толық үйренуі үшін, мұсылмандардың басын қосатын орталық – мешіт қажет еді. Сол үшін Пайғамбарымыздың (ﷺ) Медине қаласындағы алқашқы ісі мешіт салдыру болды. Мединеге келгенде Мұхаммедтің (ﷺ) алғаш түйесі шөккен жерге мешіт және Пайғамбарымызға (ﷺ) баспана салынды. Алғашқы мешіт еш безендірусіз, қарапайым ғана болып салынды. Төрт қабырғасы балшықтан жасалған кірпіштен қаланса, төбесі құрма ағашымен жабылды. Мешіт бітісімен, үйлер салына бастады. Пайғамбарымыздың (ﷺ) үйін көріп оның қандай қарапайым да кішіпейіл өмір кешіргенін түсінуге болатын еді. Мешіттің қасына жапсарластырып салынған төбесі жабық айналасы ашық жерді үйсіз-күйсіз кедейлердің паналауы үшін Пайғамбарымыз (ﷺ) әдейі салдырған болатын.

Бұлар отын теріп, оны сатып күн көретін. Пайғамбарымыз (ﷺ) өзіне келген садақаларын оларға беріп отырған. Бұл Пайғамбарымыздың (ﷺ) жомарттығын, мейірімділігін көрсетеді. Пайғамбарымыз (ﷺ) үшін адамзат баласы – байы-кедейі, құлы-азаты – бәрі де бірдей тең болатын. Әркімнің көңілін аулап, жағдайын сұрайтын. Ешкімді де ренжітпеуге, көңілдеріне қаяу түсірмеуге тырысатын. Бауырмалдық, мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық оның бүтін өмірін қамтыған. Жоқ-жітікке, мұқтаж адамға, ауыру-сырқауға жүрегі езіліп тұратын және де оларға қол үшін беруді өзіне мәртебе санайтын. Алланың жаратқан күллі тірі жан иесіне сүіспеншілікпен қарау - әділ Пайғамбарымыздың (ﷺ) бойына біткен жақсы қасиеттерінің бірі еді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) екі дүниенің ұлысы, күллі адамзат баласының жақсысы. Ол – Алланың сүйікті етіп жаратқан адамы, әр түрлі пәледен құтылу үшін оның шапағатын тілейміз. Ол – адамзат баласын Жаратушы жалғыз Аллаға сыйынуға шақырды, оның өзіне дейінгі келген пайғамбарлардан мәртебесі үстем. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) өзге адамзат баласынан артықшылығын, өзгешелігін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.

Алла Тағаланың әмірімен Мединеге көшіп келген  екінші жылдан бастап мұсылмандар намазды Қағбаға қарап оқи бастады. Пайғамбарымыз (ﷺ) Қағбаның Қыбыла болуын қалайтын...

 Ақерке Сыдықова

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: