Сырт көзге мұның қалай көрінетінін түсінесіз бе? Мешіттің азаншысы намазға шақырады, бірақ адамда азаншының шақырғанына жауап беретін уақыты жоқ. Алла пендесіне уақыт береді, ал пендесі тіпті де көңіл бөлмейді. Оның мүлде уақыты жоқ! Оның аса тығыз шаруалары көп! Дегенмен, егер ертең аурухана төсегіне таңылар болсаңыз, сіздің енді қолыңыз бос болар. «Менің уақытым жоқ», - деп айтпассыз, алайда намаз оқуға шамаңыз болар ма екен? Міне, мәселе осында. Алланы, о дүние, қабір азабы туралы еске салатын бір жер бар.
Ол – зират. Сонда барыңыздар да біршама уақыт болыңыздар. Алла Елшісі (ﷺ) зиратқа баратын, қабірстанға жерленгендерге сәлем беретін. Қабірге жерленген мұсылмандармен сәлемдесу, марқұмдарға Алладан игілік тілеу - бұл сүннет. Қабірстанға барғанда былай былай айтқан абзал: «О, қабір иелері, сіздер бізге дейін кеттіңіздер, Алланың қалауымен, біз де сіздерден кейін барамыз, сіздерге қосыламыз». Тек осыны айтсаңыз жетіп жатыр. Сіздер мұны өз сана-сезімдеріңізден өткізулеріңіз қажет. Менің бұл айтқаным аруақтармен сөйлес дегенім емес. Егер Алла қаласа, олар сізді естиді. Алланың қалауы болады. Кейде олар естиді, кейде естімейді. Ол бір Аллаға аян. Қабірстанға барыңыздар деп айтамыз, өйткені мұны Алла Елшісі (ﷺ) де айтып кеткен. Қазір еш қиындық жоқ, көлікке отырдыңыз да зыр етіп, зират басына бардыңыз да қайттыңыз. Кейбір деректерге сүйенсек, Алла Елшісі (ﷺ) түн жарымын қабір басында өткізген. Түн ортасында зират басында! Шарасыз өлім туралы ойлану үшін. Егер сіздер сенімді хадистерді қарасаңыздар, онда Пайғамбарымыздың (ﷺ) қабір басында түннің жарымын өткізгендігін табасыздар! Ол қабірден шығып жатқан жан қиналысы мен жылауларды еститін әрі оның көзінен аққан жасы бетін жауып кететін еді. Ерте ме әлде кеш пе – әрбір жұмыр басты пенде баратын жер – қабір. Қабір, сөзсіз, біздің баратын жеріміз!
Күнделікті бітпейтін күйбең тірлікті жиып қойып, Алла Тағаланың бізге парыз етіп күніне бес уақыт оқуға бұйырған намазына бет бұрайық, ағайын! Бізге ескертпей келіп қалатын Ажал періштесі келмей тұрып, Аллаға ұнамды амалдарды жасауға, сауап жинауға, Алланың сүйген құлдарынан болуға тырысайық та асығайық. Асығайық! Өйткені деміміздің қашан таусыларын Бір Алла ғана біледі...
asyldin.kz