Ибрахим ибн Адхам Хорасандағы ауқатты адамдардың бірі болған екен. Күндердің күнінде ол өз қамалының ауласында нан жеп отырған бір адамды көреді. Нанын жеп алып, әлгі адам ұйықтап қалады. Ибрахим ибн Адхам қызметшілерінің бірін шақырып алып: «Анау ұйқысынан оянғанда, оны маған алып кел!» - деп бұйырады. Ұйқысынан тұрған адамды Ибрахимге алып келеді. Ол: «Әй, адам! Сен аш болған соң нан жедің бе?» - деп сұрайды.
– Иә, - деп жауап береді адам.
– Сен соған тойдың ба?
- Иә.
– Сосын тыныш ұйықтап қалдың ба?
-Иә. Мұны естіген Ибрахим ибн Адхам: «Пендеге осы да жеткілікті болса, бұл жиған дүние-мүлкім маған не үшін қажет?» - деп қалың ойға шомған екен.
asyldin.kz