Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Жұмаққа қарағанымда, оны мекендеушілердің басым көпшілігі - кедейлер екенін көрдім. Содан кейін Тозаққа қарағанымда, оны мекендеушілердің басым көпшілігі – байлар мен әйелдер екенін көрдім».
Ал өзге бір нұсқасында: «Байлар қайда?» - деп сұрағанымда маған: «Олардың бұл дүниедегі жоғары мәртебелері оларға кедергі болды», - деген жауап берілді делінген. Басқа бір хадисте: «Тозақты мекендеушілердің басым көпшілігінің әйелдер екенін көрдім де: «Бұлар не істеп қойды?» - деп сұрадым, сонда маған: «Олар алтын мен жібектен басқа ештемені елемегендер», - деген жауап берілді делінген».
asyldin.kz