Әбу Ханифаның сабыры

Әбу Ханифаның сабыры

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні Әбу Ханифа дәріс оқытып отырғанда, байқаусызда аяғын шаян шағып алады. Дәріс біткеннен кейін барып, шәкірттері ғалымның аяғын әлдененің шағып алғанын көріп, әбігерленеді. Ұстаздан неге ертерек білдірмегенін сұрайды. Сонда дана ұстаз:

– Өзім сендерге сабыр туралы айтып отыр едім. Дәл сол кезде мені шаян шақпасы бар ма?

Бұған шыдамсыздық танытсам, сендерге қандай үлгі-өнеге көрсетпекпін, «бағанадан бері айтқанымның бәрі далаға кетпей ме?» деген ой келді. Сол үшін аяғым ауырса да, ешкімге білдірмеуді жөн санадым, – деген екен. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: