Шілде айындағы ораза

Шілде айындағы ораза

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нөкерлерін ерткен Хажжаж Мекке мен Мәдина арасында жолаушылап кетіп бара жатып бір бұлақтың басында тынығуды жөн көреді. Дастархан жайылғанда, Хажжаж «Маңайға қараңдаршы, жағдайы нашар біреу-міреу кезіксе шақырыңдар, астан ауыз тисін», - дейді. Нөкерлер үстіне ілген ескі шапаны бар біреуді тауып, ұйықтап жатқан жерінен оятып ертіп келді.

Хажжаж оған: – Кел, бірге тамақтанайық, – дейді.
Әлгі адам: «жемеймін», - деп астан бас тартады. Хажжаж себебін сұрағанда, «Мені бұдан да артық дастархан күтіп тұр», – деп жауап береді.
– Ол қандай дастархан? – дегенде, – Алла Тағалаға қонақ болуға шақырылдым, мен ауыз бекіткен жанмын, – деді.
Хажжаж: – Мынадай ми қайнаған уақытта қайтіп ауыз бекітіп жүрсің? – деп таңырқағанда, ол: – Иә, қияметтің ыстығынан қорғану үшін осы ыстықта шыдап ораза ұстап жүрмін, – деп жауап берген екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: