Білімнің артықшылығы

Білімнің артықшылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде хазіреті Әлиге (р.а.) он шақты яһуди келіп, бір сұрақ берейік, егер ол шын саңлақ болса, он түрлі жауап тауып сөйлер деген. Сонымен күндердің күнінде жаңағылар хазіреті Әлиге (р.а.):

- Ғылым артық па, әлде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты.
Сол мезетте Әли:
Бірінші, ғылым артық. Өйткені ғылым - пайғамбарлардан қалған мирас, ал мал - перғауын мен Қарынбайдың мирасы.
Екінші, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың.
Үшінші, ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп.
Төртінші, ғылымды жұмсасаң арта береді, малды жұмсасаң азая береді.
Бесінші, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ калдырады.
Алтыншы, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, күту керек.
Жетінші, ғылым Қиямет күні иесіне шапағатын жасайды, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді.
Сегізінші, ғылым тозбайды, жоғалмайды. Мал болса, қолдың кірі, өледі жоғалады.
Тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола түссе екен деп дүниеқоңыз етеді.
Оныншы, ғылым Аллаға зекет, тауһид, ғибадат қылады, ал мал иесінің көңіліне тәкәппарлық салады - деп тапқырлық танытыпты.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: