Бір кісі теңгесін көміп, қайда көмгенін ұмытып қалады. Тауып беріңіз деп Әбу Ханифаға келеді. Имам: "Бұл фиқһ емес, алайда саған бір жолын айтайын. Бүгін түнде таңға дейін намаз оқы, сонда есіңе түседі, - дейді.
Әлгі кісі түнде намазға тұрады. Түннің төрттен бірі енді өте бергенде теңгесін жасырған жер есіне түседі. Барып ақшасын тауып алып, қуанышы қойнына сыймай таңсәріде имамға келіп рахметін айтады. Сонда имам: "Сені шайтан түні бойы құлшылық еткізіп қоймайтынын білген едім. Бірақ сен Алла Тағалаға шүкіршілік ретінде құлшылығыңды түні бойы жасағаның жөн болар еді",- деген екен.
asyldin.kz