Темекі тарту – қажылық парызды өтеуге тыйым салудың себебіне айналуы мүмкін.
Темекі тарту сияқты жаман әдеттен құтылғысы келмейтіндерге Сауд Арабияға кіріп, қасиетті мекендерді зиярат етуге тыйым салу қажет.
Мұндай ұсынысты Түркияның Дін істер жөніндегі муфтиі Әли Эрбаш ұсынған. Оның айтуынша, қажылық пен умраны тек темекі шекпейтіндер ғана өтеуі тиіс.
Сондай-ақ, мүфти темекі шегетін жандардың мешіттерде имам болып қызмет етуіне жол бермеу керек деп айтқан. Кімде-кім мұсылман дін қызметкері болғысы келсе, никотинді тәуелділіктен құтылулары керек.
Эрбаштың айтуынша, темекі шегудің салдары жаман аурулардың дамуына әкеліп соғады әрі адам жанын бұзады.
Айта кету керек, Түркияда темек тарту - кеңінен таралған мәселе. Никотинді тәуелділіктен елдің мыңдаған қыз-келіншектері де зардап шегуде.
asyldin.kz
«Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға, ахирет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі жасайды. Міне солардың тура жол табулары үміт етіледі» - деген. (18 Тәуба )