Шардж әмірлігінде мектеп оқушыларына арналған «Экспресс-мұражай» (Museums Express) атты мобилді мұражай іске қосылды. Бір қызығы, мұражай 47-орынды автобуста жасақталған. Экспозициядан БАӘ-нің мәдени мұрасын тамашалауға болады.
Жобаның мақсаты – білімге деген құштарлық пен шығармашылық ойлауды дамыту, сондай-ақ, БАӘ мәдени орталығы ретінде Шарджаның беделін нығайту. Жыл бойы аталмыш автобус Шарджаның орталық және шығыс аудандарына ат басын тірейтін болады. Жоба авторлары – Шардж мұражайлар басқармасы мен Bee’ah қалдықтарды ұқсату компаниясы.
Осы ұйымдардың арқасында Шардж мұражайларын қиыр шетте орналасқан аймақтардағы балалар, атап айтқанда, бастапқыда 14 мектептің оқушылары тамашалай алады. Олар дәстүрлі навигациялық және өлшегіш құрылғылары туралы толыққанды мәліметтер алатын болады.
asyldin.kz
Құранда: «Енді жүзіңді Масжид харам жаққа бұр» (Бақара, 144).