Истихараның қандай түрлері бар?

Истихараның қандай түрлері бар?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Истихараның мақсаты – Алладан хайырлысын, ең дұрысын, жақсысын сұрау. Аллаға жүгінудің бірден-бір тәсілі – дұға. Және сол дұғада истихараның үлкен мәні жатыр.

Хадистерде айтылғандай, истихара екі ракаат нәпіл намазы арқылы жүзеге асады. Намаздан соң мына дұға айтылады:
 
 اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْتَخِيرُكَ بِعِلْمِكَ، وَأَسْتَقْدِرُكَ بِقُدْرَتِكَ، وَأَسْأَلُكَ مِنْ فَضْلِكَ العَظِيمِ، فَإِنَّكَ تَقْدِرُ وَلَا أَقْدِرُ، وَتَعْلَمُ وَلَا أَعْلَمُ، وَأَنْتَ عَلَّامُ الغُيُوبِ، اللَّهُمَّ إِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنَّ هَذَا الأَمْرَ خَيْرٌ لِي فِي دِينِي وَمَعِيشَتِي وَعَاقِبَةِ أَمْرِي فَيَسِّرْهُ لِي، ثُمَّ بَارِكْ لِي فِيهِ، وَإِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنَّ هَذَا الأَمْرَ شَرٌّ لِي فِي دِينِي وَمَعِيشَتِي وَعَاقِبَةِ أَمْرِي فَاصْرِفْهُ عَنِّي، وَاصْرِفْنِي عَنْهُ، وَاقْدُرْ لِي الخَيْرَ حَيْثُ كَانَ، ثُمَّ أَرْضِنِي بِهِ 

Транслитерациясы:
"Аллаһумма инни астахи-рука биъилмика, уә астақди-рука биқудратика, уә әсәлукә мин фадликал ъазим, фә иннәкә тақдиру уә лә ақдиру, уә таъламу уә лә аъламу, уә әнта ъалламул ғуйуб. Аллаһумма ин кунта таъламу әннә һәзәл амра хайрун ли фи дини уә маъаши, уә ъақибати амри (ъажилиһи уә әәжилиһи) фақдурһу ли уә яссирһу ли суммә бәрик ли фиһи, уә ин кунтә таъламу әннә һәзәл амра шаррун ли фи дини уә маъаши уә ъақибати амри (ъажилиһи уә әәжилиһи) фасрифһу ъанни уасрифни ъанһу уақдур ли хайра хайсу кәнә суммә ардыйни биһ».

Мағынасы:
"Раббым! Маған іліміңнен игілік бергейсің. Құдіретімен мені қуатты еткейсің. Кең пейіліңмен мені қуанышты еткейсің. Расында менің құш-құдіретім жетпейді. Мен еш нәрсені білмеймін. Ал, Сен барлық нәрсені білесің, барлық нәрсеге күшін жетуші. Әрі Сен ғайыпты да толық көрушісің. Аллаһым! Егер бұл істі (дәл қандай іс болса, сол айтылады, мысалы некелесу т.б) дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында, мен үшін қайырлы десең, оны маған нәсіп ете гөр әрі маған ол істі оңай етіп, мен үшін берекелі ет! Ал, егер бұл істің дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында бұл істі мен үшін қайырсыз десең, оны менен алыстата гөр. Әрі мені де одан аулақ ет. Қай жерде болса да, мен үшін жақсылықты нәсіп ет, мені сол жақсылықпен разы ете гөр".

Кейбір хадистерге сүйенсек, намаз бен истихара дұғасын оқу, міндетті түрде, - ұйықтар алдын жасалу керек дүние. Және бұл істі 7 күн бойы жасау керек. Сонан соң қай іске адамның көңілі жақын болса, соны таңдауы керек. («Нихаятул-Мурад»)

Хадистерде келтірілген истихараның мынадай түрдегі дұғасы бар:

 اللَّهُمَّ خِرْ لِي وَاخْتَرْ لِي 

 Транлитерациясы: «Аллахумма хыр лии уахтарлии»

 Мағынасы: Иә, Аллаһ! Ең жақсысын нәсіп ет және маған нәсіп қыл!

Әбу Бәкір (радиаллаху анху) жеткізгендей, Алла Елшісі осы дұғаны бір мәселе төңірегінде шешім қабылдау керек кезінде оқитын болған. (Тирмизи, хадис 3516).

 Бұл истихараның жеңіл әрі қарапайым түрі, және бұл дұғаны кез-келген шешім қабылдау кезінде (жұмыс мәселесі, автокөлік сатып алу, жол жүру, үйге тауар сатып алу, т.б.) оқыған абзал.

 Истихараны тәспі арқылы оқу жайлы ешқандай хадис кездестірмедік. Сол себепті, мұндай істен аулақ болған жөн. Жоғарыда келтірілген тәсілдер бойынша Истихараны орындау – ең дұрысы. Әрине, Аллаһ жақсы біледі.
Уассәләм.

Муфтий Сухайл Тармахомд Ханафи
Жәмиатул Уләма, Дарул – Ифта

askimam.ru
 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: