Түркияның Муш елдімекенінде Субою ауылдық мешітінің имамы Мұрат Өзден балалар үшін мешітті ғибадат үйі ғана емес, сонымен қатар, дүниелік ілімдердің де ошағына айналдырып отыр.
Имам мектеп оқушыларына сабақтан кейін ерікті түрде Құран Кәрімнен басқа түрік тілі, математика, жаратылыстану пәндері, дін мәдениеті, сондай-ақ, араб тілінен дәрістер беріп, оқушылардың жан-жақты болуына мүмкіндік сыйлап отыр. Әрі қосымша сабақ алып, әрі үй тапсырмаларын орындап қайтатын оқушылардың ата-аналары мешіт имамына дән риза. Әзірге мешітке келіп жүрген оқушыларының саны 15-ке жеткен имам:
«Әкіміміз де, халық та бұл бастамамызды әрі қарай да жалғастыра беруіме тілек білдіріп отыр. Әр нәрсеміз балаларымызды болашағы үшін ғой. Мақсатымыз да – балаларымыздың білімді өсіп-жетіліп, ұлтына, отанына қызмет еткізу. Мешіттер – тек ғибадат үйлері ғана емес. Балалармен мешітте ойын да ойнаймыз, сабақ та оқимыз», – дейді.
Оқушылардан Әсма Акар мешіттің бұл бастамасына ризашылығын білдіріп: «Мешітке келіп ең әуелі Құран үйренеміз, сосын ұстазымызбен үй тапсырмасын орындаймыз. Түсінбеген сұрақтарымызды имамнан сұраймыз. Ол кісі де бізге көмектеседі. Мешітте үй тапсырмамызды орындап болған соң, үйге барып тағы да қайталаймыз», – дейді.
kazislam.kz