28 қыркүйек күні Индонезияда орналасқан Сулавеси аралында орын алған жер сілкіну мен цунамиден зардап шегіп, құрбан болған отбасыларына Рим Папасы Франциск көңіл айтып, көмек ретінде 100 мың доллар қаражат жіберді.
Ватикан департаментінің мәлімдемесінде айтылғандай, бұл қаражат «Индонезия халқына деген Рим Папасының рухани жақындығы мен әкелік қолдауын білдіреді». Қаражат апаттан анағұрлым қатты зардап шеккен аудандарға бөлінетін болады.
Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңдағы ресми деректерге сай апаттың құрбаны болғандардың саны шамамен 1 600, ал бірнеше мыңдаған адамдардың тағдыры әлі күнгі белгісіз болып қалуда.
asyldin.kz