Солтүстік Кавказ Түркияны халал өніммен қамтамасыз етеді

Солтүстік Кавказ Түркияны халал өніммен қамтамасыз етеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Солтүстік Кавказ бен Түркия арасындағы серіктестіктің келешегі бар бағыттарының бірі аймақта шығарылатын минералды суы мен халал өнімдерді экспорттау болып табылады.

Бұл жөнінде РИА Новости ресурсына берген сұхбатында Ресейдің Минкавказ басшысы Сергей Чеботарев мәлімдеген.

Оның айтуынша, Түркия Солтүстік Кавказбен әртүрлі бағыттарда серіктес болуға қызығушылық танытуда. Атап айтқанда, түрік билігі қазіргі таңда Солтүстік Кавказда белсенді түрде дамып келе жатқан мейманхана және мейрамхана бизнестерін қаржыландыруға ниетті.

«Сонымен қатар, сауда-саттық саласында да серіктес болудың келешігі зор, дәлірегінде, еліміздің аумағында өндірілетін минералды су мен халал өнімдерді Түркия республикасына экспортқа шығаруды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, туризмге де қызығушылық бар, атап айтқанда, өзара туристер ағынын арттыруды алға қойып отырмыз», -деп атап өтті Чеботарев.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: