Қытайда салынғанына мың жарым жыл болған белгілі «Аспалы ғибадатхана» күрделі жөндеуден кейін халық игілігіне берілді.
Әлемдегі ең осал ғимарат деп танылған ғибадатхананың төбесіне жартас сынығы құлап түскен соң оны жөндеуге тура келген болатын.
Құрылыстың басты міндеті – ғибадатхананы құлап жататын тастардан қорғау болып табылған, сонымен қатар, 40 жайлар мен бөлмелер қайтадан жөнделген.
Айта кетсек, Сюанькун-сы ғибадатхана кешені немесе Аспалы монастырь Шаньси аймағындағы Хэншань қасиетті тауының маңындағы жартасқа 491 жылы салынған болатын.
Оның бірегейлігі – ол будда, даос және конфуциандық алтарьды біріктіріп отыр. Ғимарат жартасқа тіреліп тұрған ағаш бағандарға орнатылған, сәйкесінше ғибадатхананың артқы қабырғасы жартас болып табылады.
1982 жылдан бері ғибадатхана Қытайдың ұлттық жәдігері ретінде қорғалады.
asyldin.kz