Мекке-Мәдина жоғары жылдамдықты пойызы іске қосылды

Мекке-Мәдина жоғары жылдамдықты пойызы іске қосылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясында тұңғыш «әл-Харамейн» атты жоғары жылдамдықты темір жол пойызы ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Мұсылман халқы үшін қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларын жалғастыратын жаңа магистралдың ашылу салтанатына король Салман бен Әбдел Әзиз пен мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салман қатысты.

450 шақырымға созылған жаңа транспорттық желі жылына 60 миллинон жолаушыға дейін тасымалдайды деп жоспарланған. Мекке-Мәдина бағытында осы магистралмен 35 электр пойызы сағатына 300 шақырым жылдамдықпен қатынайды.

Ал жолаушылар терминалы бес бөлікке бөлінген: орталық бөлігі Жидда қаласында және король Абдул Әзиз атындағы Халықаралық әуежай қаласында, Рабиға экономикалық қаласында, Мекке мен Мәдина қалаларында орналасқан.

2017 жылдың шілде айында Сауд Арабиясы «әл-Харамейн» жаңа теміржол желісін сынақтан өткізіп, қараша айында ресми түрде жұмыстың аяқталғанын мәлімдеді.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: