Германияда сельжұқ үлгісіндегі мешіт ашылады

Германияда сельжұқ үлгісіндегі мешіт ашылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сенбі күні Германияның Кельн қаласында жаңа мешіттің ашылуына қатысады, деп жазады World Bulletin.

Кельн орталық мешіті 8 жыл бойы Дін істері жөніндегі Түрік-ислам одағының қаражатына салынған. Жаңа құлшылық үйінде бір мезетте 1200 адам намаз оқи алады.

«Бұл Еуропа мен Германиядағы ең үлкен әрі маңызы зор мешіт болады. Ол осында тұратын мұсылман халқы мен бауырларымыз үшін ерекше мәнге ие. Біздің мешіт бейбітшілік, бауырластық пен мәдениеттің белгісіне айналады» деп атап өтті DITIB төрағасы Невзат Ясар Асикоглу.

Кельн жаңа мешітінің интерьері де ерекше. Мешіт сельжұқ дәстүрімен тұрғызылған. Ғимараттың 9 есігі бар, ал күмбезі жұлдызы бар жарты айшықпен көмкерілген.

Мешіт кешенінде ислам сауда орталығы, көрме және үлкен конференц-залы, сонымен қатар кітапхана, кеңселер мен жерасты автокөлік тұрағы қамтылған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: