Католик шіркеуі өлім жазасына жол бермеу керектігін жариялады

Католик шіркеуі өлім жазасына жол бермеу керектігін жариялады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рим Папасы Франциск Католик шіркеуінің катехизисіне түзетулер енгізді, бұл түзетулерге сай өлім жазасына жол берілмейтін болады.

Қасиетті тақтың баспа қызметінің мәлімдеуінше, бұдан былай католик шіркеу өкілдерінің бәрі «өлім жазасын бүкіл әлемде болдырмауға» тырысуы қажет.

Аталмыш түзетулер Інжілдегі «Өлтірме» деген өсиетке арналған катехизистің бесінші тарауының 2267 бабына енгізілген.

Бұрында бұл тараудағы өлім жазасы тек қана кейбір  өте ауыр қылмыстарға жауап ретінде ғана, соның өзінде де, тек «жалпы игілікті қорғау мақсатында» ғана қолдануға болатындығы айтылған болатын.

Аталмыш түзетуде былай келтірілген: «Шіркеу өлім жазасын болдырмауға үйретеді, өйткені шіркеу дербес құқықтылық пен жеке адамның абыройына қатты ден қояды әрі бүкіл әлемде өлім жазасын жойдыруға барлық күштерін салуға табанды түрде кіріседі».

Айта кетсек, Катехизис – католик дінінің негізін қалаушы құжат болып табылады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: