Қалпына келтірілген Башқұртстанның көне мешіті ашылуға дайын

Қалпына келтірілген Башқұртстанның көне мешіті ашылуға дайын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Башқұртстан еліндегі Баймақ ауданына қарасты Нижне-Яикбаево ауылында орналасқан республика бойынша көне саналатын мешіт есігін айқара ашып, халық игілігне берілуге дайын.

1861 жылы іргесі қаланған аталмыш мұсылман ғибадатханасы  21 тамыз - Құрбан айтта ашылады деп күтілуде.

Күрделі жөндеуден өтіп, қайтадан қалпына келтіру жұмысы барысында мешіттің төбесі, алды, сонымен қатар, едені мен терезелері толықтай ауыстырылып, электр көзімен жылыту жүйесі жүргізілген екен.

Атап айтсақ, аталмыш мешіт – тек қана жергілікті мұсылмандардың ғана мәдени-рухани орталығы емес, сондай-ақ, басқа аудандарда тұратын мұсылмандардың да мәдени-рухани орталығы болып табылады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: