2018 жылдың басынан бастап Өзбекстан аумағында 13 мешіт пайда болды.
Бұл туралы Өзбекстандағы Қазақстан жылына арналған «Бауырлас халықтарымыздың ортақ рухани құндылықтары» атты халықаралық форумда Өзбекстан муфтиі Усманхан Алимов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Өзбекстанда Шавкат Мирзияевтің билікке келуімен исламның жаңаруына бағытталған бірқатар реформалар басталды.
Атап айтқанда, мемлекеттік деңгейде Құран ғалымдарының байқаулары басталды, діни білімге көңіл бөлінді. 2018 жылы Өзбекстанда Халықаралық ислам академиясы мен «Хадис ғылыми мектебі» ашылды.
kazislam.kz