Нұр-Мүбарак университетінде үш сатылы «Дінтану» мамандығы аккредитациядан оң нәтижеге ие болды

Нұр-Мүбарак университетінде үш сатылы «Дінтану» мамандығы аккредитациядан оң нәтижеге ие болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің сыртқы аудит жүргізетін сараптама тобының шешімі бойынша мамыр айында жүргізілген Нұр-Мүбарак университетіндегі «Дінтану» мамандығынына қатысты сараптама жарияланды. Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулығы (ESG) бойынша мамандандырылған аккредитациядан жан-жақты тексеруден өткен дінтану мамандығы 5 жылдық рұқсатқа ие болды.

Нақтырақ айтсақ, «6В020600 – Дінтану» бакалавриат, «6М020600-Дінтану» магистратура, «6Д020600-Дінтану» докторантура мамандықтары жан-жақты сараптамалар жасалды. Сараптама өткізген Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, дінтану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.кандидаты Кеңшілік Тышқан бастаған комиссия құрамында халықаралық сарапшылар: Катар елінен Джорджтаун университетінің салыстырмалы дінтану кафедрасының профессоры Патрик Лауде, Египет Араб Республикасының сапа және аккредитациямен қамту Ұлттық комиссиясының вице-президенті Ражиа Али Махмуд Таха ханым бар. Сондай-ақ отандық сарапшылар: «Абу Ханифа» медресе-колледжінің директоры  Құлмұхаммед Махамбет, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі, аудит департаментінің директоры, п.ғ.к., доцент Жанна Ахмадиева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторанты Ұлжан Тұңғатова, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі, сапа және анализ департаментінің сарапшысы Айгерім Каримовалар бар.

Екі күнге созылған тексеру барысында университеттің техникалық базалық мүмкіндіктерінен бастап, профессорлық-оқытушылық құрам, студенттер, түлектер, магистрант-докторанттар, құжаттар, барлығы сараптамадан өтті. Нәтижесі жіті тексерулерден өтіп, маусым айында аккредитацияның оң нәтижесі жарияланды.

Осы кезге дейін еліміздегі  дінтанушыларды даярлайтын 6 жоғары оқу орындары арасында алдыңғы орынға ие Нұр-Мүбарак университеті үш сатылы мамандар даярлауды қарқынды түрде жүзеге асыра бермек. Ұлттық рейтинг бойынша дінтанушы магистрларды даярлаудан елімізде Нұр-Мүбарак униве

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: