Осы күнге дейін Орталық Азияда Ислам банкі Қазақстан мен Қырғызстанда ғана халыққа қызмет көрсетуде.
Тәжікстан үкіметі республикадағы тұңғыш Ислам банкін құруды бастады. Ислам қағидалары бойынша қызмет көрсететін «Сохибкорбанкті» қаржы мекемесіне айналдыру жоспарланып отыр. Шариғатқа сай қызмет көрсетуді аталмыш банк келесі жылдан бастайды.
Ислам даму банкінің сарапшылары Тәжікстанға Ислами банк жүйесін енгізу үрдісін бақылауда ұстап әрі «Сохибкорбанкті» «қайта құру» шығынын өз міндттеріне алады. Қаржы мекемесінің басшылығы Ислам банкингін енгізу «Банк жүйесіне деген Тәжікстан тұрғындарының сенімін қайтаруға» мүмкіндік береді деп сенім артуда.
Естеріңізге сала кетсек,Иислам банкинг өсімқорлыққа, яғни, ақшаны пайызға беруге тыйым салуға негізделген.
asyldin.kz