Иерихон қаласында Палестинадағы Иордан өзенінің жағасында қазба жұмыстары кезінде итальяндық және палестиналық археологтар тобы өте құнды жаңалық ашты.
Ғалымдар 5 мың жыл бұрын әйелдер қолданған көз сүрмесін тапты. Алдын ала талдауға сәйкес, қоспаның құрамында Таяу Шығыстағы әйелдер үшін танымал, сүрмеге қосылатын марганец оксиді бар болып шықты. Шамасы, ежелгі египеттіктер қолданған марганец оксиді Синай түбегінен, марганец кеніштерінен Иерихонға әкелінген.
Таяу шығыс әйелдері көз косметикасын белсенді қолданғандығын археологтардың көптеген жаңалықтары ғана емес, сондай-ақ, әйелдің боялған көзі бейнеленген Египеттік тұсқағаздар да дәлелдейді.
asyldin.kz
«Мінезі жақсы адамның иманы берік болады. Сендердің ең жақсыларың, әйелімен жақсы мәміле қылушыларың». (Абу Хурайрадан Тирмизи риуаят еткен).