БАӘ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ ЕНГІЗУІ МҮМКІН

БАӘ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ ЕНГІЗУІ МҮМКІН

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2018 жылдың бірінші тоқсанынан бастап Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірлігіне визасыз баруы мүмкін. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатынан кейін журналистерге Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

«Осыған дейін біз Біріккен Араб Әмірлігімен келісімге қол қойған болатынбыз. Ол келісім негізінде біздің азаматтарымыз барлық паспорт түрі бойынша аталған мемлекетке визасыз сапар шегуге мүмкіндік алады.

Біз аталған мәселе бойынша ресми рәсімдерімізді өткіздік. Бірақ, миграциялық бақылау мен ұлттық қауіпсіздікті күшейте түсуіміз керек. Бүгінде Қазақстан 66 мемлекет және халықаралық ұйыммен дипломатиялық паспорт иелерін визадан босатуға келіскен. Ал қызметтік паспорты барларды 44 мемлекет визадан босатты» деді Қайрат Әбдірахманов. Министрдің айтуынша, Қазақстан енді Біріккен Араб Әмірлігі тарапынан аталған мәселеге қатысты ресми хабар күтіп отыр.

«Шипажай маусымында қазақстандықтар Әмірліктің қашан бізге шекараны ашып, келісімді ратификациялайтыны туралы жиі сұрайды. Біз өз жұмысымызды орындадық, келісімді ратификацияладық. Жуырда БАӘ-ге кіретін барлық әмірлік келісімді ратификациялап, бізге хабарлайды деп күтілуде.

Бұл барлық қазақстандық туристер үшін үлкен жаңалық болады. Менің ойымша, келесі жылдың бірінші тоқсанынан бастап, Қазақстан азаматтары БАӘ-ге визасыз, еркін сапар шегеді» деп түйіндеді сөзін Қ.Әбдірахманов.

kazislam.kz


«Ей, иман келтіргендер! Аллаға, пайғамбарға және өз араларыңдағы әмір иелеріне бойұсыныңдар» (Ниса-59).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: