Бұл мысықтар құмда іздерін қалдырмайды

Бұл мысықтар құмда іздерін қалдырмайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шағыл (құм) мысығы – тек қана Сахара (Алжир, Марокко, Чад, Нигер), Араб түбегі, Орталық Азия  (Түркменстан, Өзбекстан, Қазақстан), Пәкістанның төңірегіндегі құмды шөлде өмір сүретін мысықтардың түрі.

Бұл мысықтар құм түсті болып келеді, әрі олар құмда іздерін қалдырмайды. Өмір сүретін ортасының ерекшелігінен және жасырын өмір сүру салтына байланысты оларды зерттеу тұрмақ, камераға түсірудің өзі мүмкін емес дүние болған. Сол себепті де мына түсіріліп алынған кадрлар – аталмыш көркем жаратылғандарды көрудің нағыз сәтті кезі!

Тастай қараңғыда жайнап тұрған үш жұп көзді көрген биологтар өз көздеріне өздері сенбеген. Шағыл мысықтарды тарихта алғаш рет бейне камераға түсіріп алу үшін, бақандай төрт жыл уақыт кеткен екен.  Бейне таспадағы 6 айлық шамасындағы марғаулар мен олардың анасы марокка құмды шөлін мекендеуде. 

asyldin.kz


«Нəміл» сүресінің 65-аятында: «Көктер мен жердегі көрместі Алладан басқа ешкім білмейді» делінеді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: