Нью-Йоркте «Құрметті дүние» кітабының тұсаукесері өтті. Оның авторы - 8 жасар Бана әл-Абед атты Сириялық қыз, деп жазады Ansar.ru.
Тұсаукесер оқырмандардың қызығушылығын тудырды. Қазір Алепподан келген Бана отбасымен бірге Түркияда тұрады. Кішкентай Сириялық пен оның анасы әлеуметтік желілердегі жарияланған мәліметтердің арқасында атақ-даңққа ие болды. Онда Сириядағы 6 жылға созылған соғыс кезіндегі балалар қайғы-қасіретті сипаттады.
Кітап Нью-Йорк университетінде ұсынылды. Автор мен оның анасы кітабынан үзінділерді оқыды, содан кейін қолтаңба таратты. Кітаптың толық атауы «Құрметті әлем: Сирия қызының әскери тарихы және бейбітшілікке шақыру». Тұсаукесер қатысушылары кітаптан үзінділерді тыңдап, жылап шықты.
asyldin.kz
Имам Ахмад (р.а.) жеткізген хадис-шәріпте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады», – деген.