1. Әке - шеше
Әке-шеше баласының нәпіл қажылыққа немесе умраға баруына бөгет жасай алады. Өйткені, Ислам дінінде әке-шешеге қызмет ету - жиһад. Бірақ парыз қажылыққа бөгет бола алмайды. Парыз қажылықта әке- шешеден рұқсат сұрау - сүннет.
2. Ихсар
Дұшпанның бөгет болуына немесе ауру сияқты се- бептерге байланысты қажылық немесе умра жасау үшін ихрамға кірген адамның қажылықты немесе умраны аяқтамастан, ихрамнан шығуға мәжбүр болуы. Бұндай бөгеттерге мәжбүр боп қалған адамға «мұхсар» делінеді. Мұхсар аталмыш бөгеттердің ашылуы мүмкін болмаған жағдайда ихрамнан шығады. Шыққан жағдайда құрбан шалу міндет.
Қажылық ғибадатының дұрыс орындалу шарттары
1. Мұсылман болу. Қажылық ғибадатының парыздығының әрі орындалуының дұрыстығының шарты.
2. Арнайы жерлер: Арафат және Қағба.
3. Арнайы уақыт. Зиярат тауабының уақыты - құрбан айт таңынан бастап, өмірінің соңына дейін. Бірақ зиярат тауабын құрбан айттың алғашқы үш күнінде орындау уәжіп болғандықтан, кімде-кім бұл уақыттан кешіктірсе, қажылығының дұрыс болуы үшін құрбан шалуға міндетті. Ал Арафат тауында тұрудың уақыты
- Арафа күні түс ауғаннан кейін құрбан айт күні таң намазының уақыты кіргенге дейінгі уақыт.
4. Ихрам. Қажылық немесе умра яки екеуін бірге жасау ниетімен, басқа уақытта халал болған кейбір істерді, қажылық немесе умра уақытында кісінің өзіне харам қылуы.