Адамзат тарихында «тас ғасыры» болған ба?

Адамзат тарихында «тас ғасыры» болған ба?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамзат баласының ең ежелгі кезеңіне қатысты жасалған, дереккөзі эволюция теориясы болып табылатын барлық пайымдаулар мен теориялар жалған түсінік негізінде дайындалған. Осыған сәйкес, адамзат баласының ежелгі тарихы мысал ретінде келтіріліп отырған әртүрлі кезеңдерге бөлінген әрі адамның жабайы түрінен өркениеттілікке жеткенше қалай «дамып» отырғаны көрсетілген.  

Ең басында адам өркениетті әрі мәдениетті болып жаралған, яғни, адамдар әлеуметке, бірігіп өмір сүруге мұқтаж болып жаралған. Сонымен қатар, бірінші адам – барлық білімге ие бірінші пайғамбар да болған (Құранда айтылғандай, Алла Тағала Адамға барлық заттың атауын үйреткен). 

Барлық білімді игерген адамды жабайы деп айту мүмкін емес. Адамзат тарихының бір кезеңінде тастың кеңінен қолданылуы бұл кезеңді «тас ғасыры» деп атауға және сол кезде өмір сүрген адамдар жабайы әрі өркениеттен алыс болды деп айтуға құқық бермейді. Мысалы, қазіргі кезде кеңінен бетон қолданылады, осы қисынға сай, біз 21-ші ғасырды «бетон ғасыры» деп атауымыз керек.

Технологияның қарқынды дамуына қарамастан, жер бетінде азғындық, әділетсіздік пен зұлымдық жайылған, адамзат құруға жақындауда, сонда бұл әлемге технология мен өркениет не берді!?

Иә, жер бетіндегі ең бірінші адам пайғамбар болған. Адамзат баласы өз тарихында мәдениет пен өркениеттілікті пайғамбарлардан үйренген. Әрбір ғасырда адамдар өз мүмкіндіктерінше өмір сүрген және сол заманға сай заманауи әрі өркениетті болған. Олар тастарды өңдеп, бау-бақшалар өсіріп, туннельдер мен жартастарда үңгірлер жасаған, ағашты өңдеп, темірді еріткен, сол заманның алдыңғы қатарлы ашылымдарын жасаған. Адамзат болмысы турасынан алып қарағанда, осындай даму қалыпты болып табылады, осы даму үрдісі мен өзгерулердің басында пайғамбарлар тұрған. Демек, ең алғашында  адамдардың жабайы аңдардан еш айырмашылығы болмаған, содан кейін дами бастаған деген пайымдауы дін турасынан алып қарағанда жалған, негізсіз әрі мағынасы жоқ уәж болып табылады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: