Күйеуі өлген әйелге аза тұту қажет. Алайда басқа адамдар түк болмағандай өмірлерін қапаланбай жалғастыра беру дегенді білдірмейді, себебі адамның өлімі оның жақын-туыстарына ақриретті еске салады. Қайтыс болған адамның туыстары тамақ әзірлеп, көңіл айтуға келгендерді тамақтандыруға міндетті емес. Керісінше, олардың көрші-қолаңдары, достары қолдарынан келген көмекті аямай, аза тұтып отырған үйге ас әзірлеп әкелгендері жөн болады.
Жафар ибн Әбу Тәліб (оған Алла разы болсын) қайтыс болғанда Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқандығы келтірілген: «Тамақ әзірлеп, оны Жафардың отбасына апарыңдар. Себебі олар бақытсыздыққа ұшырады» (Әбу Дәуід, Джанаиз, 25; Ибн Маджа, Джанаиз, 59).
Ал енді адам қайтыс болған үйде теледидар көру, радио немесе музыка тыңдауға келер болсақ, бұған тыйым салынбағанмен, қайтыс болған адамды сыйлағандықтан үйде тыныштық орнатқан дұрыс болады. Үйдегі тыныштық қайтыс болған адамға көрсетілген құрмет әрі оның жақын-туыстарына ақирет туралы ой салады.
Қазіргі таңда жерлеу рәсімдері формалды түрде өтетін болғандықтан, адамдарға көбірек ақиретті еске салу қажет және өлген адам ақиретті еске салудың ең жақсы амалы болып табылады. Сондықтан адамның қазасын тірілерге ақиретті есіне салатын мүмкіндік ретінде қарастырған жөн әрі осы ахуалды теледидар көрумен немесе музыка тыңдаумен бұзуға болмайды.