"- Уа, менің Аллам! Сен мені Мысырдың сұланы еттің әрі маған түс жоруды үйреттің..."
Алла Тағала былай деп тіл қатты:
- Уа, Яғқұп! Өз отаныңа қайт! Сен сол жерде өлуің керек. Әкеңнің зиратына бар.
Осыдан кейін Яғқұп пайғамбар Мысырды тастап кетеді. Иерусалимде Ибраһим мен Исхактың зираттарына барады. Сол кезде мәртебелі Яғқұпқа жүз алпыс жыл болған еді. Бірақ оған жүз қырық бес жыл болды дегендер де бар.
Тақуа Ибраһимнің зиратына келген Яғқұп ұшып жүрген періштелерді байқайды. Яғқұп (оған Алланың сәлемі болсын) ішінде әртүрлі төсеніш пен құс жастық бар моланы көреді.
- Уа, періштелер! Бұл кімнің моласы?- деп сұрайды.
- Бұл Ибраһим балаларының қабірі, - деп жауап береді періштелер. Мәртебелі Яғқұп сол жерге жерленгендерді зиярат етіп шықпақшы болып еді, бірақ періштелер оған:
- Кірме, - дейді.
- Неге кіруге болмайды, - деп сұрайды Жақып.
Періштелер: - Алдымен айырылысу шарабын іш, сосын кіре аласың, - деп айады. Осылайша, Жақып пайғамбар айырылысу шербетін ішіп, өз өлімін кезіктірген екен. Періштелер оның денесін жуып, кебін кидіріп, жаназасын шығарып, оны Ысқақ пайғамбардың қасына жерлейді.
Осыдан кейін Жүсіптің ағалары келіп оған қайғылы хабарды жеткізеді. Юсып пайғамбар бір жылап алып, былай деп айтады:
- Уа, менің Аллам! Сен мені Мысырдың сұлтаны еттің әрі түс жоруды үйреттің. Менің Сенен басқа ешкімім жоқ. Иә, Раббым! Менің де жанымды алшы. Мені Өзіңнің тақуа құлдарыңның бірі етші.
Риуаяттарға сәйкес, Жүсіп пайғамбар Мысырда жүз қырық төрт жас шамасында көз жұмған екен. Кейбіреулер оның жасы жүз жиырмада болған деп те айтады. Мысырлықтар оның денесін мәрмәр табытқа салып, екі жағалаудағы халыққа береке әкелсін деп Ніл өзенінің ортасына қалдырған екен.
Мұса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) заманында Алла Тағала оған:
- Нілдегі Юсыптың денесі салынған табытты шығарып, оны мәртебелі Яғқұптың қасына жерле, - деп бұйырыпты. Мұса пайғамбар кім Юсыптың денесі салынған табыттың қайда жатқанын білсе, келіп айтсын деп хабаршыларды жан-жаққа жібереді. Сонда бір әйел:
- Мен білемін. Табыт жатқан жерді де көрсетемін, егер Жұмақта сенімен бірге болуыма келіссең, - деп айтады. Мәртебелі Мұса келіседі, ал әйел оған:
- Юсыптың денесі салынған табытты Нілдің осы жеріне тастаған болатын, - деп көрсетеді.
Мұса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) бағыт-бағдар беруі бойынша, табытты судан шығарып, Иерусалимге әкеліп, сол жерге жерлеген екен.
Юсып пайғамбармен байланысты көптеген әңгімелер бар. Көбісі тәпсірлерде келтірілген, өйткені ол туралы өте көркем айтылған. Алла Тағаланың басқа пайғамбарлар, тақуалар, түс жорығыштар, билеушілер туралы келтірген әңгімелері де бар, алайда Юсып туралы бір ғана әңгімені «көркем әңгіме» деп атаған. Муфассирлердің түсіндіруінше, тақуа Юсып басқаларға қарағанда көптеген бейнет пен азапты басынан өткерген, сүйіспеншілік пен өшпенділікке, адалдық пен опасыздыққа душар болған. Құл болып жүріп, сұлтан болған. Сұлулығы үшін түрмеге де қамалған. Жан сұлулығының арқасында билеуші де болған.
Бұл жерде біз біраз ғана таңғажайып құпияны ашып, Алла Тағаланың кейбір белгілерін түсіндіріп өтуге тырыстық.