Адам жақсылы-жаманда амалдарымен Алла Тағаланың құзырына барады. Міне, сол жерде пенденің
амалын өлшейтін таразы болады. Әр адамның амалы осы
таразыда (мизанда) өлшеніп, сауабы ауыр тартқандар
жәннәтқа кіреді де, күнәсі ауыр тартқандар тозаққа тасталады.
Егер тозаққа тасталушы иман еткен кісі болса,
күнәсінің мөлшеріне қарай тозақта жазасын өтейді де,
сонан соң тозақтан шығарылып жәннәтқа кіреді.
Әрине, бұл таразы Иләһи әділет өлшемі болғандықтан,
біздің ұғымымыздағы таразыдай емес. Оның шынайы
болмыс‑бітімі бір Аллаға аян.
Қиямет қайымдағы әділет
таразысы жайында аяттарда төмендегідей мәліметтер
келтіріледі: «Қиямет күні туралық таразысын қоямыз.
Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір
дән түйірінің салмағындай болса, оны әкелеміз. Есеп
көруде жеткіліктіміз» (21.Әнбия – 47).
«Ал сол күні кімнің таразысы ауыр тартса, міне
солар құтылушылар. Ал кімнің таразысы жеңіл тарт-
Иман негіздері
342
са, міне олар өздерін зиянға ұшыратқандар. Олар
тозақта мәңгі қалады» (23.Муминун, 102-103).
Пенденің қай амалы таразыда ауыр тартатындығы
белгісіз. Мәселен, үлкен бір қайырлы амалыңыз титтей
сауапқа баланып, керісінше өзіңіз «бұл титтей ғана амалым ғой» деп жүрген әрекетіңіздің сауабы ұшан‑теңіз
болуы мүмкін. Кейде Алланы бір сәт зікір етудің өзі ұлы
құлшылық екенін біле бермейміз. Асылында, Алланы
зікір ету тілге жеңіл болғанымен – таразыда сауабы өте
ауыр болады. Хазіреті Пайғамбарымыз былай дейді:
«Тілге жеңіл, таразыда ауыр Рахманның жақсы
көретін екі сөзі бар: Субханаллаһи уа бихамдиһи,
субханаллаһил азим» (Бухари, Муслим риуаяты).
Әділет таразысында құлдың жасаған бүкіл амалда-
ры өлшенеді. Кейбіреулер «Алла біреу, ал жер шарында
миллиардтаған адам бар. Олардың бәрі ақыретте Алла құзырында жеке-жеке есеп беретін болса, қанша уақыт
кезекте тұрады екен» деп ойлауы мүмкін. Мейлі адам
миллиард болсын, мейлі триллион болсын, Алла адамдардан дүниеде істеген ісі жайында есеп алуда өте жылдам (сариғул хисаб).
Бір адамнан есеп алуы кезінде екінші
бір адамнан есеп алуына құдіреті жетеді. Сол секілді күллі
адамзаттан бір мезетте жеке-жеке есеп алады.