Хитбаның бұзылуы

Хитбаның бұзылуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Атастырылған қыз бен жігіт бір-бірлерін үйленуге күштей алмайды. Бірақ алдын ала берілген мәһірдің, яки екі жақтың бір-біріне берген сыйлықтары төмендегідей шешіледі. 

1. Мәһірдің жағдайы.

Ер қызға мәһір берген бол- са, хитба бұзылған шақта қайта алуына болады. Бұл мәһірдің сол күйі тұруы яки жұмсалып кетуі де нәтижеге әсер етпейді. Мәһір сол күйі тұрса, сол күйінде жұмсалып кетсе, құнын қайтарады. Хитбаның ана жақ яки мына жақтың бұзуы, яки хитбаның бұзылуына әлдеқандай себептің болуы мәһірдің жағдайына әсер етпейді.

2. Сыйлықтың жағдайы. 

Ханафилер бойынша, атастырылғандардың және құда-құдағилардың бір-біріне берген сыйлықтары «һибә» (сый) болып табылады. Сондықтан берілген нәрсе жоғалып не болмаса жұмсалып кетпеген жағдайда қайтарып алуына болады. Мысалы, ер адам берген сыйлықтарын қайта ала алады, бірақ хитба жүзігінің жоғалуы, құрбан кезінде апарылған қошқардың сойылып жұмсалып кетуі, хитба киімдерінің киіп ескіріп кетуі сияқты жағдайларда сый етілген нәрсе қолда болмағандықтан оның орнын толтырып кері қайтару қажет емес. 

Мәликилер бойынша сыйлықтардың жағдайы хитбаны бұзған ер яки қыздың қарекетіне қарай өзгереді. Егер хитбаны еркек бұзған болса ешқандай сыйлықты кері ала алмайды. Тіпті сыйлықтың тұруы яки жұмсалып кетуі да нәтижеге әсер етпейді. Егер бас тартқан қыз болса, еркек сыйлықтарын кері қайтарып алуына болады. Ал, сыйлықтар жұмсалып кетсе, қыз бұлардың құнын төлетеді.

Шафиғи мен Ханбалилер бойынша, хитба бұзылған шақта сыйлықтарды кері ала алмайды. Өйткені сыйлық һибә үкімінде болып һибәден айну беріліп қойған соң дұрыс болмайды. Әкенің баласына берген һибәсі бұдан тыс нәрсе. Хадисте: «Бір әйел неке келісімінің жауапкершілігін мойнына алғанға дейін өзіне берілген мәһір, сыйлық яки уағда етілген нәрселердің барлығы әйелге берілуі тиіс. Неке келісімінің жауапкер- шілігі мойнынан алынғаннан кейін берілгендер болса, кімге берілсе соған тиесілі».
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: