Жарыңмен қуанышта да, қайғыда да бірге бол!

Жарыңмен қуанышта да, қайғыда да бірге бол!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
 Бүгінгі таңда отбасылық өмірге қадам басқан жастардың некелесер алдында бір-біріне қайғыда да, қуанышта да бір болуға ант беретінін көп кезіктіреміз. Бірақ берген бұл анттары қаншалықты сақталып жатыр?

Дініміз бойынша, ерлі-зайыптылардың бірінің басына келген қайғы-қасыретке ортақтасып, сабыр сақтауы сауапты іс. Жарына адал мұндай адамдардың сыйын ертең Алла өзі берер. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген адалдығы қасіреттің қара бұлты үйірілгенде байқалады. 

Біреулер басқа түскен нəубеттің ақырын күтпей құдай қосқан қосағын Аллаға аманаттап кете барса, енді бірі қарғап-сілеп, міндетсіне жүріп жарына жаны ашығаннан емес, елдің сөзінен қорыққандықтан бағып-қаққан болады. Басқа түскен қиындықты Аллаһтың сынағы деп көріп сабыр еткендер ғана Алла алдында жоғары дəрежеге ие болады. 

Ханафи мəзһабында үйленуді нəпіл құлшылық ретінде қарастырады. Ал нəпіл құлшылықты орындаудың өз ерекшелігі бар. Ең бастысы, нəпіл құлшылық Алла разылығы үшін орындалады. Жəне ол жерге шайтани ойды жолатпай, қолдан келгенше кəміл түрде орындауымыз керек. Екінші жағынан алып қарайтын болсақ, ері үшін əйелі, əйелі үшін ері Алланың берген жеке-жеке аманаты. 

Бір хадисте «Аманаты жоқтың – иманы жоқ» делінген. Аманатқа деген немқұрайлылық иман əлсіздігінің белгісі. Мұсылмандардың кісі аманатына деген ұқыптылығы да содан. Оның үстіне ол аманат Алланың берген некелі жарыңыз болса. Демек, отбасылы өмір бір жағынан ғибадат болса, екінші жағынан Алла алдына арқалап барар аманатыңыз.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: