Жақсы көру мен қорқыту

Жақсы көру мен қорқыту

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Кейбір зерттеушілер мен тәрбиешілер бала тәрбиесінің жемістілігі баланы жақсы көруде әрі тәрбие ісіне толық көңіл бөлуде деген (Песталози, Толстой, Бакуле).

Бала тәрбиесінде әрине ең негізгі ұстаным ол − сүйіспеншілік. Бірақ мамандар жақсы көруде де артық кетпей тепе-теңдікті сақтау қажеттігін айтады. Өйткені бала өзін мектепте басқаша, үйде басқаша ұстайды. Бала үшін жанұя мен мектеп, мұғалім мен ата-ананың орны бірдей емес. 

Жанұяда балаға көрсетілген шектен тыс сүйіспеншіліктің мектептегі жүйе мен тәртіпті бұзатынына назар аударады. Бұдан бұрын балалармен қатынасында Пайғамбарымыздың шексіз сүйспеншілікті негізге алғанын тілге тиек еткенбіз. Бірақ ол жердегі мысалдар көбіне әке-бала қатынасымен қатар бүлдіршін балаларға қатысты болатын. Ал жасы үлкен балаларға сәбилерден басқаша қарау керектігі де хадистерде ескерілген. Негізінен Құранда қорқыныш пен сүйіспеншілікті, үміт пен үрейді, сүйіншілеу мен ескертуді қатар ұстану – басты қағида. 

Алла тағала мейірімі, рақымы, кешірімділігі және бақыт мекені жаннатты айтып үміт сыйласа, екінші жағынан қаһары, азабы, ашуы мен жаһаннамды еске салып үрейлендіріп отырған. Яғни, тек қана өбектей беру, бүкіл айтқанын істеу, тым ерке, шолжаң, менменшіл ғып өсірудің дұрыс еместігі баршаға мәлім. 

Қиындықтың не екенін көрмеген, жоқ дегенді түсінбейтін баланың болашақта еліне сор болатыны белгілі. Қазіргі таңда оның мысал- дарын мыңдап көруге болады.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: