Бұлай тіс тазалау денсаулыққа пайдалы.

Бұлай тіс тазалау денсаулыққа пайдалы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күн сайын жуынып, тісімізді тазалағанда тіс пастасын қолданамыз. Ал мисуакты көбіміз қолдана бермейміз. Онымыз бекер екенін мына хадистерден түсінеміз. Айша анамыз (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мисуак – ауыз тазалығы, Раббыңның разылығы», – деп айтты», – делінген (Нәсәйи, таһарат 4).

Сондай-ақ Хузәйфа (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) ұйқыдан тұрғанда мисуакпен аузын (тісін) тазалайтын еді», – деген (Бұхари, уддуу 73/тәһәжжүд 9; Муслим, таһатар 46).

Сонымен қатар мисуакты әр намаз оқудың алдында, Құран оқудың алдында, дұға жасар алдында қолданған дұрыс.

Мисуактың Алла разылығына бөлеп, оны қолдану – сүннетті орындағанымызбен қатар денсаулығымызға да тигізер пайдасы көп:

1. Түрлі тіс ауруларының алдын алады.

2. Қабынуға қарсы, антибактериалды қасиетке ие.

3. Тісті ағартады

4. Ауыздағы жағымсыз иісті жояды

5. Дауыстың әдемі болуына сеп

6. Көру қабілетін жақсартады

7. Есте сақтау қабілетін арттырады

8. Бас ауруын жояды

9. Асқорытуды жақсартады

10. Мисуакты қолданатын адамның жүзі нұрланып, әдемілене түседі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: