Алла Тағала жалғыз, дара бола тұра Құран- ның көптеген жерінде неліктен «біз» деген?

Алла Тағала жалғыз, дара бола тұра Құран- ның көптеген жерінде неліктен «біз» деген?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Құранда Алла Тағаланың жалғыз, дара, бір екендігіне байланысты көптеген айқын аяттар бар. Мысалы, бәрімізге мәлім «Ықылас» сүресінде «Алла жалғыз» делінсе, басқа бір аятта: «Сөзсіз, Мен – Алламын, менен басқа ешбір тәңірі жоқ. Сондықтан маған ғана ғибадат ет! Мені еске алу үшін намаз оқы» делінген.

Ал кейбір сүрелердегі Ұлы Жаратушының өзін «біз» деуінің астарында араб тілінің ерекшелігі жатыр. Мысалы, орыс тілінде екінші жақтың жекеше түріне «ты» делінеді. Алайда кейде адамға деген құрметті, ізеттілікті, сыпайылықты білдіру үшін жалғыз адамның өзіне екінші жақтың көпше түріне қолданылатын «вы» сөзі қолданылады. 

Сол секілді араб тілінде де «біз» делінген уақытта Алла Тағаланың ұлылығы мен жаббарлығын білдіру үшін қолданылады. Арабша «Муғжамул-уасит» және «әл-Му’жамул-арабил-әсәси» сөздіктерінде былай делінеді: «нахну», яғни «біз» сөзі екі және үш адамға көпше түрінде қолданылатыны секілді кейде ұлықтау мақсатында бір адамға да қолданылады.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: